Бүгін - Қасиетті Рамазан айының екінші күні. Күллі мұсылман асыға күтетін, айлардың сұлтаны саналатын бұл уақыттың адамға үйретері көп. 30 күн ауыз бекіткен жан тек тамақтан ғана тыйылып қоймай, басқа да зиян әдеттерден бойын аулақ ұстайды. Бұл тұста ашығудың адам ағзасына тигізер пайдасы да зор екен. Мәселен, күні бойы аш жүрген кезде ағза демалып, жасару процесі жүреді, дейді мамандар. Ал бұл процесс ауыр дерттердің алдын алады екен.