Түркістандық полицейлер автокөлікті мемлекеттік нөмірсіз басқарған келіншекті анықтады. Оны мамандар бейнекамералардың көмегімен қаланың орталық көшелерінен байқаған. "Toyota Camry" көлігін мемлекеттік нөмірсіз тізгіндеген жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, темір тұлпары айыптұраққа қойылды. Сол күні, полицейлер бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзған тағы бір жүргізушіні анықтады.