Бүгін «Фараб» кітапханасында жазушы, журналист, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Сабырбек Олжабаймен кездесу өтті. «Ай астындағы ару» атты жүздесуге қаламгердің ұстаздары мен әріптестері, ұстаздар қауымы, оқушылар мен оқырмандар келді. Сабырбек Дәніқұлұлы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және Түркістан облысындағы бірнеше ауданда еңбек еткен. Қаламгердің еңбегін елеген аудан басшылықтары оған Алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты. Сондай-ақ ұстаздары мен замандастары жылы лебізін білдірді.