"AMANAT" партиясының әйелдер қанаты «Түркістан облысының танымал және беделді әйелдерінің партиялық активін» өткізді. Партияның хатшысы Шолпан Каринованың төрағалығымен өткен жиынға аймақтағы іскер әйелдер мен партия құрамындағы нәзік жандылар қатысты. Активте әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен қарсы күрес шаралары, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, нәзік жандылардың құқықтарын қорғау секілді 10 мәселе көтерілді.