Төлеби ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсібін іске асырып жатқан жеке шаруалар қатары күн санап артуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданындағы бірнеше ауылдық округінде болып, ауылдың тыныс- тіршілігін көріп қайтты. Сапар барысында ауылда жаңадан қолға алынып жатқан «Ауыл аманаты» жобасының барысымен танысты. Ауыл тұрғындары кәсібін дөңгелетуді көздеп, несие алған. Облыс әкімі жаңа мүмкіндікті пайдаланып, жеке кәсіпкер қымыз және саумалымен сауықтыру орталығының жұмысын дамытпақ. Зертас елді мекенінің тұрғыны алдағы уақытта сал ауруына шалдыққан балаларды үйретілген аттарға мінгізіп емдеуді жоспарлауда. Ал, Көксәйек елді мекенінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жеке шаруа мал бордақылау ісін ұлғайтуды қолға алған. 7,5 млн.теңге несие алып, Жамбыл облысынан 22 бас ірі қара сатып алған ол, алдағы уақытта қосымша жылқы бордақылауды жоспарлауда.