ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы жылына 40 шақты сирек кітапты рестраврациялайды. Қалпына келген кітаптар көпшілік назарына көрмеге шығарылады. Астана қаласының білімгерлері көрмеге қойылған Айша бегімнің қолжазбасын тамашалады. Ғалымдар пікірінше бұл сонау 16 ғасырда жазылған еңбек. Түпнұсқасы Францияның мұрағатында сақтаулы. Қасым ханның жары болған Айша бегімнің бұл кітабына өз заманының танымал әйелдері жайлы мәліметтер топтастырылған екен. Еңбек араб графикасында жазылған.