Түркістан облысы әкімінің бұйрығымен Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының әкімі болып тағайындалды. Дархан Амангелдіұлы шаһардың жаңа басшысын қала активіне таныстырып, киелі шаһарды дамытып, түркі әлемінің орталығына айналдыру, туристік және экономикалық әлеуетін көтеру бағытында маңызды міндеттер жүктеп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.