Түркістандағы «Әзірет сұлтан» халықаралық әуежайы жаңа бағытта дамиды. Бұған дейін нысанды басқарып келген «YDA» компаниясы 1-наурыздан бастап өз жұмысын тоқтатады. Тиісінше, әуежай облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басқаруына өтеді. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен отырыста жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.