«Нарықтағы бағаның тұрақтылығы басты назарда». Бұл туралы өңір басшысы Дархан Сатыбалды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері талқыланған кеңесте айтты. Облыс әкімі отырыста азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіру фактілерінің жолын кесуді тапсырды. Одан бөлек, бағаны тұрақтандыру бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырып, жауаптыларға азық-түлік қорын ұлғайтуды жүктеді.