Елімізде азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасы қабылдануы қажет. Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев Премьер-Министр Олжас Бектеновке осылай деп депутаттық сауал жолдады. «Ауыл» партиясы Фракциясы мүшесінің айтуынша, 2005 жылдан бері ауыл шаруашылығы бойынша қабылданған бірде-бір мемлекеттік бағдарламала соңына дейін іске аспаған. 20 жылда субсидия беру ережелері 57 рет өзгерген. Салдарынан соңғы 10 жылда дүкен сөрелеріндегі импорттық тауар үлесі 3 есе өсіп кетіпті.