Биыл Төле би бабамыздың туғанына – 360 жыл. Осыған орай Түркістанда асыл сөздің маржаны мен терең ойдың тұнығын әнмен жеткізген «Бабалар рухы үн қатты» атты дәстүрлі әншілер мен термешілер байқауы өтті. Іріктеу кезеңінен өткен дүлдүлдер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Көнеден келе жатқан, имандылыққа, бірлікке, елдікке шақыратын жыр-термелер орындалды.