Медиа саласында этика қалыптастыру. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде осындай тақырыпта семинар өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жоғарғы оқу орны студенттері қатысқан шарада заманауи медиа кеңістігіндегі ақсап тұрған мәселелер көтерілді. Шара модераторы әрі жоба авторы Молдияр Ергебеков шараны өткізудегі мақсат ақпарат айдыны мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру екендігін айтты. Сондай-ақ ол бүгінде ғылыми бағыттағы журналистиканы дамыту қажеттілігіне де тоқталды. Ақпарат саласының аға буын өкілдері осындай семинарлар әсіресе жастар арасында жиі ұйымдастырылып отырса деген ұсыныс-тілектерін жеткізді.