Салынып жатқан жолдың сапасына күмәнданған тұрғындардың күдігі расталмады. Жылжымалы зертхана асфальттің қалың төселгенін анықтады. Осыдан бірнеше күн бұрын Отырар ауданы Балтакөл елдімекенінің тұрғындары ауылындағы жол құрылысына алаңдап әлеуметтік желіде мәселе көтерген. Сондықтан ұлттық сапа орталығының мамандары аталған нысанға арнайы барып, тексеріс жүргізді. Сына нәтижесі қалай болғанын әріптесім Айдана да өз көзімен көріп келді.