Түркістан облысында 91 жаңа балық шаруашылығы ашылады. Осылайша өңірде осы салаға басымдық беріліп отыр. Кәсіппен шұғылданамын деушілерге де жеңілдіктер қарастырылған. Тауарлы балық өндіргісі келгендер жеңілдетілген несие мен субсидия ала алады. Саланың қарыштап дамуы үшін тағы қандай жобалар жасалып, шаралар атқарылып жатыр? Тілші сюжетінен көрейік.