Түркістан облысы, Сайрам ауданында 5 га алқапта банан өседі. Былтыр кәсіпкерлер 7400 көшет отырғызған. Енді олар көп ұзамай жеміс береді. Осылайша 3000 тонна өнімді ішкі нарыққа өткізбек. Мамандардың сөзіне сүйенсек, банан бұтағы 10-15 жылға дейін жеміс беретін көреді. Бақшада мұнан бөлек лимон, құрма тәрізді тропикалық жемістер де жерсіндірілген. Сайрамдық кәсіп иесінің жұмысымен Түркістан облысының әкімі танысып қайтты. Әрі осы бағыттағы жобаларды көбейтуді тапсырды. Кәсіп иесі енді жылыжайдың 3,7 гектарына құлпынай екпек. Өңір басшысы мұнан соң сондағы алма бауын да аралап көрді. Онда жеті мың тонна өнім сыртқы нарыққа шығарылады. Кәсіпорынның табиғишырыны да бар.