Несиесін әрең төлеп жүрген жандар үшін жағымды жаңалық. Бүгін елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды. Тұрғындар құжаттарын сот көмегімен, соттан тыс және төлем қабілеттілігін қайта қалпына келтіру арқылы рәсімдей алады. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, осы рәсімнің нәтижесінде 1,1 млн қазақстандық несиесінен құтылуы мүмкін.