Еліміздің бас прокуратурасы жол салу кезіндегі үш жүзден аса заңсыз әрекетті анықтады. Орынсыз жұмсалуы мүмкін 30 млрд теңге бюджет шығыны үнемделіп, 29 қылмыстық іс қозғалған. 305 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында жолдарды жөндеуге бөлінген 423 млн теңгені жымқырды деген айыппен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің және жергілікті мердігер мекеменің басшылары қамауға алынып, жауапқа тартылды. Олар жұмыстарды қабылдау туралы жалған актілер бойынша жолдың жоқтығына қарамастан, миллиондаған мемлекеттік қаржыны аударған.