Елордада наразылық шарасын ұйымдастырған бес жаңаөзендік белсенді ескерту алды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлім етті. Еске сала кетейік, 10 сәуірде Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналған жаңаөзендік мұнайшыларды полиция ұстап әкеткен болатын. Кейін наразылыққа шыққан мұнайшылардың көшбасшылары мәлімдеме жасап, екі жақ келісімге келгенін хабарлады. Вице-премьер Алтай Көлгінов заң аясында әрекет ету қажеттігін айтса, энергетика министрі жұмысшылардың талабы бойынша ресми шешім әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Ал, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев кеше түнде видео үндеу жариялап, халықты сабырлыққа шақырды.