Басты құндылық – сіз. Түркістанда осындай атаумен әйелдерге арналған семинар-тренинг өтті. Онда күйбең тіршілікке еніп өзіне, өз денсаулығына тиісті деңгейде көңіл аудармай жүрген қыз-келіншектер жайы сөз болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша остеопатиялық медицина арқылы тірек-қимыл аппаратындағы ауырсынуды және кернеуді жеңілдетуге болады.