Еліміз бойынша су тасқыны бойынша қазіргі жағдайды баяндасақ. Батыс аймақтарда су деңгейі аздап төмендеді. Ал елдің орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендердің деңгейі көтерілген. Өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталуда. Әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды.