Шалғайдағы бір елді мекеннің тұрғындары түгелдей кең жолақты интернетке қосылған. Елді мекендегі 77 үй, мектеп, балабақша және медициналық тірекке байланыс антенналары орнатылған. Үйге толық жеткізу жұмыстарына дейін кәсіпкер есебінен төленген. Мұны осы ауылдың тумасы туған жерге тағзым ретінде жасапты.