Түркістан облысы Бәйдібек ауданында 10 пәтер пайдалануға берілді. Боралдай елді мекенінде орналасқан 2 қабатты тұрғын үйдегі 5 пәтердің кілті мемелекеттік қызметшілерге, 5 пәтер үй кезегінде тұрған тұрғындарға табысталды. Жалпы тұрғын үйге қол жеткізгендердің қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, 2-ші топтағы мүгедек, әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азамат және авариялық тұрғын үй тізімінде тұрған тұрғын бар. Пәтерлер жеңілдетілген бағада ұзақ мерзімге жалға беру негізінде берілген. Баспанаға қол жеткізгендердің қуанышында шек жоқ.