Бәйдібек ауданында 164,5 мың гектар жайылым жер жетіспейді. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков айтты. Мәселені шешу үшін биыл 20 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр,- дейді ол. Мәселен, 2009-2017 жылдары аралығында конкурссыз берілген 2925,4 гектар жер теліміне қатысты құжаттар облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне ұсынылып, іс сотқа жолданған.