Чилиде байырғы тайпа өкілдері шеруге шықты. Наразылық акциясы құқық қорғау органдары мен тайпа өкілдерінің қақтығысына ұласты. Полиция демонстранттарды тарату үшін су атқыштар мен көз жасаурататын газ қолданды. Байырғы тайпа өкілдері өз жерлеріндегі ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа да салаларға қауіп төніп тұр деп санайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмағаны үшін ел үкіметін айыптап отыр. Қазір Чилиде 1,5 миллионнан астам байырғы Мапуче халқының өкілі тұрады. Олардың көпшілігі Сантьягодан оңтүстікке қарай 600 шақырым жерде орманды жерлерді мекендейді.