Түркістанда Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир басталды. Осымен 18-рет өтіп жатқан додада жасөспірімдер бақ сынайды. Нақтырақ айтсақ, 2010-2011 жылғы жас былғары қолғап шеберлері 15 салмақ дәрежесінде мықтыны анықтамақ. Бокс бәсекесіне еліміздің 7 аймағынан келген 200-ден аса өрен қатысып отыр.