Облыс әкімі белсенді демалыс саябағының құрлысымен танысып, жауапты басшылармен кездесті. Өңір басшысы оларға жұмысты жүйелі әрі сапалы атқаруды тапсырды. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталған. Белсенді демалыс орнына тропикалық өсімдіктері бар жылыжай, сахна, екі субұрқақ, ойын алаңы, екі скейтбординг және шатырлар салыну жоспарлануда. Қазірдің өзінде саябақта түрлі ағаштар мен гүлдер егіліп, көгал егілген. Осыдан кейін өңір басшысы теміржол вокзалы маңындағы аббаттандыру жұмыстармен танысты. Вокзал жанындағы бір гектар жерді көгалдандыру, 0,25 гектар жерге жаңа асфальт жабындысын төсеу, 0,5 гектар жерге жаяу жүргіншілерге арналған жолаяқ салу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар Тұран бағын көгалдандыру мақсатында 14 гектар аумаққа түрлі ағаштар отырғызылып, үш дана су мұнарасы орнатылған.