Орман үшін от кешкен мамандардың айлығы әлі өспеген. Олар уәде етілген жалақысына әлі жете алмай жүр. Мәжіліс отырысында депутат Нартай Аралбайұлы орманшылардың базынасымен бөлісті. Оның сөзінше, өткен жылы Семей орманында өрт болып, ондаған отандасымыз опат болған кезде Үкімет өкілдері орманшылардың жалақысы өседі деп кесіп айтқан еді. Десе де бес бірдей облыс әлі күнге дейін орманшылардың айлығын көтере алмай отыр. Нартай Аралбайұлы премьер - министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, орманшылардың жалақысынаына 100 пайыздық өсімақы қосуды сұрады.