Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы қолға алынды. Бағдарлама аясында Түркістан облысында 63 білім ұясы бой көтереді. Ал, Мақтаарал ауданында 5 мектептің құрылысы жоспарланған. Мамандар бұл өңірде мектеп тапшылығын жоюға сеп болатынын айтады.