Миллион көгершіннің ішінен өз құсымды бірден танимын. Ескі Иқандық Азамхан Джалилов осылай дейді. Кезінде су тасқынынан кейін, Нұх пайғамбарға зәйтүн бұтағын әкеліп, апаттың аяқталғаны жайлы хабарлаған да осы құс деген аңыз бар. Сондықтан «бейбітшілік құсы» деп атап кеткен екен. Салмағы – бар болғаны 400 грамм ғана болатын көгеншіннің әзірге 35 түрі ғана белгілі. Адамзат бастапқыда бұл құстарды ет үшін өсіріп, кейін қолға үйрете бастапты. Бұл істі бүгінгі кейіпкерімізде жалғастырып отыр.