Биыл елімізде 15 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға артық. Осының арқасында 140 мыңға жуық отбасы үй жағдайларын жақсартқан. Айта кетсем, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында осы бағыттар бойынша нақты міндеттерді белгілеген болатын. Яғни 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті тұр. Сол сияқты үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан проблемалық үйлердің барлығының құрылысын аяқтау тапсырылған.