Биыл - халық жазушысы, драматург, әдебиет зерттеушісі Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл. Осыған орай Түркістан қаласындағы "Фараб" кітапханасында "Өлеңі әнмен үйлескен" атты еске алу кеші өтті. Оған қаланың әдебиетшілері мен еліміздің журналистер одағаның мүшесі Роза Нарымбетова мен Тельман Бейсенов қатысты. Әбділда Тәжібаевтың саналы ғұмырын қазақ әдебиетін дамытуға арнағанын айтқан Роза Нарымбетова ақынның сыршыл өлеңдеріне тоқталды. "Шығармасының әр тармағында ақын жанының сөзі жатады. Туған жері Сыр бойын өлеңдеріне қосып, әдеби символға айналдырға білген. Оның өлең жазу шеберлігі өз заманында ақ бағасын алып үлгерген. Бүгінгі жас ақындар оны үлгі етуі керек",- осылай деген Қазақстан журналистер одағының мүшесі Роза Нарымбетова көз көрген ақынның адами болмысын дәріптеп, әсем естеліктерімен бөлісті.