Биыл елімізде 5 жаңа су қойманың құрылысы басталды. Қазір 8 нысанның құжаттары әзірленіп жатыр. Министрлік 11 облыста барлығы 20 жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты. Оның сөзінше, жаңа су қоймалары суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтуға және 137 мың тұрғыны бар 70 ауылдық елдімекенді су басу қаупін азайтпақ.