Биыл облыста 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жобалардың барлығын аудан және қалалардағы индустриалды аймақтарда жүзеге асыру көзделіп отыр. Оны жүзеге асыру үшін 5,8 млрд. теңге жұмсалады. Жаңа кәсіпорындарда 375 адамға жұмыс орны ашылады.