"Білім беру бағдарламалары нарық сұранысына сай болуы керек. Яғни, экономика қажеттіліктері үшін маман даярлау басым міндеттердің бірі". Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтегі кеңесте осылай деді. Ол азаматтар мен бизнестің белсенді қатысуымен еңбек нарығын зерттеуге және 5-7 жылдан кейін экономикаға қандай кадрлар қажет болатынын болжауға көңіл бөлу қажет екенін айтты. Бұл тек жоғары оқу орындарына ғана емес, колледждер мен басқа да білім беру ұйымдарына қатысы бар екенін жеткізді.