Түркістан облысындағы білім нысандарының алдағы жылу беру маусымына дайындығы қатаң бақылауда. Қыстан қысылмай шығу үшін қандай дайындық жұмыстары жүргізілді? Осы ретте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға жауапты мамандардың қам-қарекеті баяндалды. Айта кету керек, биыл бірқатар білім ошақтарында қазандықты жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы, мемлекеттік білім беру ұйымдары орталықтандырылған, газ, сұйық отын және қатты отынмен жылытылады.