Түркістан облысының білім беру саласында қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау фактісі анықталды. Түркістан облыстық Қаржы мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мәлімдеді. Күдікке «Келес ауданының білім бөлімінің бухгалтерлері ілінді. Олар сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденген. Дәлірек айтқанда, 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көбіне жалған мәліметтерін базаға енгізген. Мектеп қызметкерлерінің карта-шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері есепшілермен байланысты азаматтардың жеке сәйкестендіру нөміріне ауыстырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 млн теңгеден асады. Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.