Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының жанынан «Білім тарату» орталығы ашылды. Ситуациялық орталық ауыл шаруашылығы саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерді қолдау мақсатын көздейді. Жоба арқылы өңірімізде дақылдарды органикалық негізде өсіру, сонымен қатар өсімдіктердің өсіп жетілу кезеңінде атқарылатын агротехнологиялық шараларды оңтайландыру бағытында жұмыстар атқарады. Көктем жаз мезгілінде қаптайтын жәндіктерді азайту бойынша бірқатар істер атқарылады.