Армения елінің Ереван қаласында бокстан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында әлем чемпионаты өтті. Жаһандық додаға 58 мемлекеттен 357 былғары қолғап шебері қатысты. Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында еліміздің намысын қорғаған Түркістан облысының боксшы қызы Айсұлу Мұхит алтыннан алқа тағып, ел мерейін үстем етті. Осындай ғаламат нәтиже көрсеткен спортшыларды әуежайдан спорт жанаршырлары мен туған-туыстары, достары құшақ жая қарсы алып, құрмет көрсетті.