Толассыз жаңбырдың кесірінен Келес ауданында көпірді су шайып кетті. Осының кесірінен Бозай ауылдық округі аумағында су өткелі жарамсыз жағдайда түскен. Табиғи апат орын алған аймаққа Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы барып, жарамсыз инфрақұрылымдарды тез арада қалыпқа келтіру бойынша тапсырмалар жүктеді. Атқарылған жұмыстардың сапасы мен барысы толық бақылауымда тұрады деді аудан әкімі. Ал ол жұмыстар аяқталғанша уақытша қолданатын өткел қойылмақ. Жалпы табиғаттың тосын мінезінен жеке тұрғын үй секторлары мен әлеуметтік нысандарға зиян келмеген.