Бразилияның Риу-Гранде штатында су тасқынынан 27 адам қайтыс болып, 1600 адам үйсіз қалды. Тропикалық емес синхрон нөсер жауынмен ұласып, тасқынға айналған екен. Қазір іздеу жұмыстары штат орталығы Порту Аллегриден 150 шақырымға созылған. Нөсер жауын бірден Жакун, Кай және Такуари өзендерін арнасынан тасытыпты. Бұған дейін Риу-Гранде штатына маусым айында тасқын судан, 16 адам қаза тапқан еді.