Ұлттық банктің жаңа төрағасы тағайындалды. Конституцияға сәйкес Президенттің аталған қызметке тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Осы орайда Мемлекет басшысы палатаға тиісті ұсыным енгізді. Ал Парламент Сенатының жалпы отырысында жоғарғы палата депутаттары Тимур Сүлейменовті ҚР Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді. Сондай-ақ, Президент Ауыл шаруашылығы министрін тағайындады. Бұл қызметті енді осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып келген Айдарбек Сапаров атқарады.