Бүгін дүниежүзілік жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес күні. Осыған орай Түркістан облысындағы медициналық мекемелер арасындағы волейболдан достық турнирі өтті. Оған жалпы саны 10 мекеме қатысты. Тартысты ойын нәтижесінде жүлделі 1- орынды облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы иеленді. 2- орын Түркістан облыстық стомотология бірлестігіне бұйырса, 3- орынды Түркістан қалалық емханасы місе тұтты. Жүлдегерлер мен қатысқан командалардың барлығына алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.