Бюджет шығысы кіріске қарағанда 2 есе көп. Соңғы 5 жылда республикалық бюджет пен мұнай кірісі 66% артқан. Есесіне шығын 120% көбейген. 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет нақтыланып жатқан жиында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Оның мәлімдеуінше, Ұлттық қордың ақшасын тек стратегиялық мақсаттағы шығындарға жұмсау керек. Жаппы Ұлттық қордың активін ұлғайту бойынша стратегиялық жоспар болуы тиіс. Осылай деген сенат төрағасы бюджет қаражатын үнемдеуге шақырды.