«Ата-баба дәстүрі - тәрбиенің бастауы». Түркістан қаласында осындай байқау өтіп жатыр. Облысымыздың құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл шараға қатысушылар ұлтымыздың бүгінде ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары және қазақ халқының билерінің, шешендерінің, сұлтандарының, абыз ақсақалдарының өсиет сөздерін, шешендік өнерін жаңғыртады. Оған кімдер қатысып жатыр? Қанша команда бақ сынауда? Игі шарадан дәл қазір тікелей эфирге қосылғалы тұрған әріптесіміз баяндап берсе.