Түркістан облысын қар басқалы бір жұмадан асты. Күн суытып, қазір жолдар көк тайғақ болып тұр. Осыған байланысты өңірде республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылды. Боранда жолда қалып, қиындыққа ұшыраған тұрғындарға төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері көмек көрсетіп жатыр. Жолдың жайын баяндап беру үшін әріптесіміз Нұрдәулет Сыздық та тас жолдың бойына шықты.