Биыл - Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл. Соғыс өртінің сөндіріліп, бейбіт күннің байрағы желбіреген осынау датаға орай Түркістан қаласында арнайы іс-шаралар өтуде. Бүгін Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен болып жатқан салтанатты жиында біздің тілшіміз де жүр.