Түркістан облысының 5 жылдығына орай “5 жылдыққа – 5 әдеби сапар” мәдени көші Астана қаласына табан тіреді. Рухани жиын ұлттық академиялық кітапханада өтіп жатыр. Шара барысында Түркістан қаласында орналасқан “Фараб” әмбебап-ғылыми кітапханасына кітаптар тарту етілмек. Дәл қазір бізбен Елордада жүрген әріптесіміз Алтынбек Әмит тікелей байланысқа шығуға дайын.