Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінде Х-шы Халықаралық Түркология Конгресі басталды. Оған Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінің ғалымдары қатысып жатыр. 4 күнге жалғасатын Конгресс түркология ғылымының дамуы үшін жаңа көзқарастар және заманауи іргелі ғылыми тұғырнамаларды қалыптастыруды көздейді. Бұл іс-шараның басы-қасында біздің тілішіміз де жүр.