Түркістанға қалың қар түсіп, тұрғындарды қуантып жатыр. Жауапты мекеме жұмысшылары қала көшелерін қардан тазалауға қызу кіріскен. Ең алдымен негізгі қала көшелері мен кіреберіс жолдар, әлеуметтік әкімшілік нысандардың айналасы қардан тазартылып жатыр. Бүгін синоптиктер ауа температурасы -7 градусқа дейін төмендеуі мүмкін деген болжам айтуда. Дәл қазір арнамыздың тілшісі Әлия Мұхтарқызы да қардан кейінгі қарбалас тірліктің басы қасында жүрген болатын.