Еліміздің аумағында "Қыс-2023" республикалық штабтық оқу жаттығуы басталды. Ол Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен өтуде. Түркістан өңірінің қысы қатты болмаса да, тұрғындарды әбігерге салып қоятын кездері болады. Оған аймақтың Төтенше мамандары дайындықты бастап та кеткен. Дәл қазір олар құтқару техникаларын дайындықтан өткізіп, жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Оқу-жаттығу алаңында әріптесіміз Алия Мұхтарқызы да жүр. Жаттығу жайлы өзінен сұрап білсек.